Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасына өзінің әріптесі, өңір әкімінің бірінші орынбасары Қосман Айтмұхамбетовтің қайтыс болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 57 жасында мезгілсіз дүниеден өтті. Арда азаматтың отбасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын!», - делінген қаралы хабарда.
Осы бір-екі ауыз сөзбен шектелген әріптесі Сәкен Қалқаманов марқұмның өлім себебін айтпаған. Одан кейін Қосман Айтмұхамбетовпен болған соңғы сұхбаттың видеосын жариялады. Алайда,
Еске сала кетсек, Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған. Кейінгі жылдары ол Өңірлік даму вице-министрі, Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.