Танымал тележүргізуші, сенат депутаты Дана Нұржігіт елді жайлаған жемқорлық жайлы пікірін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Біздің қоғамдағы да жемқорлық, алып сатарлық ушығып барып біз осыдан жазылсақ екен. Күндердің бір күнінде коронавирус бітетін шығар. Әйтеуір бір емі бар шығар деген үміт бар. Адамзаттың бәрінде. Ал, осыдан кейін біз жемқорларды соншалықты жек көретініміз. Қол бермейтіндей, араласпайтындай, сүйекке таңба болатындай етіп масқаралауымыз керек. Сол кезде халық қиналып, ауа жетпей жатқанда дәріні сатып, бағасын үш есе шарықтатып сату деген барып тұрған жауыздық. Ондай жемқорлардың есімі белгілі болу керек. Халық ашық түрде қарсылық таныту керек. Окопта жатып, оқ сатқансың. Жау келгенде саудаласып тұрғансың деп масқаралау керек. Міне осылай қоғам өзін-өзі тазалайды", - деді Дана Нұржігіт Basty Prime бағарламасында.