$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев Үкіметке COVID-19-дың статистикасын ретке келтіруді тапсырды

Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіруді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Үкіметке пандемияның статистикасын біріздендіру міндеттелді. Азаматтардың денсаулығы мен өміріне коронавирустан бөлек, өкпе қабынуы да үлкен зардабын тигізіп отыр", - деп жазды Президент Twitter парақшасында.

Сондай-ақ, Президент пандемия ахуалы туралы барлық ақпарат қанша жерден ащы болса да, оны қоғам білуге тиіс екенін жеткізді.

"Жариялылық пен өзара сенім болғанда ғана, біз бірлесе отырып бұл індетті тезірек жеңеміз", - деді президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары