$ 449.58  486.94  4.86

Qurban2020.muftyat.kz: ҚМДБ құрбандық шалуға онлайн тапсырыс беретін сайт ашпақ

Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында Сіз ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, діни басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған сайт арқылы Сіз ешқайда бармай, құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Жұмыстың атқарылу барысы туралы тапсырыс берушіге мағлұмат беріледі. Ең алдымен қазіргі пандемия жағдайында Сіз ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалмақ.

Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды.

Жаңа сайттың тағы бір артықшылығы – мұнда құрбандыққа шалынатын төрт түлік бағасымен қоса көрсетіледі. Сол жерден қажетті малды таңдап, тапсырыс бере аласыз. Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа, яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары