$ 498.34  519.72  4.85

Биыл Құрбан айт онлайн өтеді

Құрбандыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыс туралы тапсырыс берген адамға тиісті мәлімет те онлайн жетіп отырмақ.

Қазақстанда үйден шықпай, онлайн түрде құрбандық шалуға болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Qurban2020.muftyat.kz сайты іске қосылады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның ресми сайты.

Дереккөзге сүйенсек, осы сайт арқылы Сіз ешқайда бармай-ақ құрбандық шалуға онлайн тапсырыс бере аласыз. Құрбандыққа қатысты атқарылып жатқан жұмыс туралы тапсырыс берген адамға тиісті мәлімет те онлайн жетіп отырмақ. 

«Ең алдымен, қазіргі пандемия жағдайында Сізге ешқандай байланысқа түспей, құрбандығыңызды қашықтан шалуға мүмкіндік жасалады. Qurban2020.muftyat.kz деп аталатын сайт жақын күндері толығымен іске қосылады. Ал сайтты техникалық бақылау ҚМДБ-ның «Зекет» қорына тапсырылды», - деп хабарлайды ҚМДБ-ның сайты.

Жоспар бойынша, жаңа сайтта құрбандыққа шалынатын төрт түліктің бағасы қоса көрініп тұрады. Сайттан қаражатыңы жеткен малды таңдап, оны құрбандыққа шалуға тапсырыс бере аласы.

«Ал сойылған малдың еті түгелдей қайырымдылыққа яғни мұқтаж жандарға үлестіріледі», - деп ескертіп отыр мүфтият.

Айта кетейік, биылғы қасиетті Құрбан айт әлем бойынша жүріп жатқан пандемия мен Қазақстандағы қатаң карантин шаралары әлі жүретін 31 шілдеге тұспа-тұс келіп  тұр. Құрбан айт 3 күнге жалғасады, оның алғашқы күні, яғни 31 шілде, жұма күні Қазақстанда демалыс болып саналады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#құрбан айт