Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 мың теңге көлеміндегі жәрдемақыға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны міндетті түрде аударуға «байланыстырылған» жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды.
Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз!», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Facebook парақшасында.
Одан бөлек, министрлік жалған ақпарат таратушылардың заң бойынша жазаланатынын көпшілікке ескертті.