$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбедегі мәйітхана жанына қосымша мұздатқыш қойылды

Мәйітті бірден алып кетпей жатыр.

"Түсініксіз" пневмония жайлаған Ақтөбедеге жаңа мәйітхана контейнері қойылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Астана арнасына сілтеме жасап. 

Бұл ақпаратты облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев баспасөзге арналған брифингте мәлімдеген. 

Аймақ басшыларының сөзіне сенсек, жаңа мәйітхана контейнерінің қойылуы, адам өлімі көбейді дегенді білдірмейді. 

"Біздің мәйітханаға қосымша мұздатқыш алынғаны рас. Біз қосымша контейнер қойдық. Бұл өлген адамдар санының артып кетуіне байланысты емес. Қазір жаз мезгілі, кейді енді мәйітті бірден алып кетпей жатыр. Ол сондықтан дене бұзылып кетпес үшін арнайы сақтау үшін қосымша контейнер қойғанымыз рас", - деді Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары