$ 445.66  474.58  4.78

Алматы облысында әскери бөлімше командирі пара алып жатқан жерінде ұсталды (ВИДЕО)

Оның атап өтуінше, әскери бөлімшенің командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған.

Алматы облысындағы №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысы пара алу және пара беруге делдал болу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, әскери бөлімшенің командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған, ал бөлім басшысы аталған факт бойынша пара беруге делдал болған. «ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», - деді Қайсар Баржақсынов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары