$ 494.87  520.65  4.91

Абай шығармаларын оқу эстафетасы жалғасуда

Эстафета барысында Абайдың табиғат лирикасымен байланысты өлеңдеріне көпшіліктің ықыласы ерекше.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Елдегі ахуалға байланысты «Жақыныңа жанашыр бол», «Кітап оқып, үйде бол» деген ұранды ұстанған қызылордалықтар әлеуметтік желі арқылы қолдау шараларын өткізіп келеді. Соның ішінде хакім Абайдың шығармаларын оқу арқылы бір-біріне демеу болуда. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай басталған эстафета бүгінгі күні де жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Онлайн шаралар легін Абай туындыларымен көмкерген Сыр халқы Абай өлеңдерін кезекпен оқып, бір-біріне жолдау үстінде. 

Мәселен, Түгіскен ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Мөлдір Абуталипова Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін мәнерлеп оқыса, Қармақшы аудандық орталық кітапханасының оқырманы Райда Мұқамедқалиқызы «Жазғытұры» өлеңін оқыды. Сонымен бірге, жас оқырман Жансая Елтай ұлы Абайдың «Заманақыр жастары» атты көкейге ой салалр өлеңін жолдады. Одан әрі оқырмандарға қызмет көрсету орталығының оқырманы Ақбота Сәбитова «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып берді. 

Эстафета барысында Абайдың табиғат лирикасымен байланысты өлеңдеріне көпшіліктің ықыласы ерекше.  Ақынның ой-сезімі, жан дүниесі тереңірек ашылған «Күз», «Қыс», «Жаздыгүні шілде болғанда» сынды көптеген өлеңдерімен қатар, өрендер қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арнау өлеңдерін оқыды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай