18.07.2020, 12:34

Қазақстан коронавирус жұқтырғандар саны бойынша әлемде 30-шы орынға көтерілді

Фото: qazaqtimes.com
Вирус жұқтырғандар көрсеткіші бойынша Атырау облысы көш бастап тұр.

Қазақстан науқас санымен әлемде 30-шы орынға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап. Қазақстан науқас санымен әлемде 30-шы орынға шықты Коронавирус соңғы бір тәулікте тағы 1707 адамнан анықталды. Оның 800-ге жуығында дерттің еш белгісі жоқ. Осылайша Covid-19-ға шалдыққандардың саны 67 мыңға жетіп қалды. Пневмонияны әзір қоспағанның өзінде Қазақтан науқас саны бойынша әлемдік антирейтингте 30-шы орынға шықты.

Вирус жұқтырғандар көрсеткіші бойынша Атырау облысы көш бастап тұр. Бұл аймақта бүгінге дейін 8696 адамнан коронавирус анықталды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында да жағдай осы тектес. Алматыда сынамасынан Covid-19 расталған науқастар бір тәулікте 282-ге көбейіп, жалпы саны 8 жарым мыңға жуықтаған. Ал қауіпті дерттен 40 мыңнан астам отандасымыз жазылып шықты.