$ 441.66  475.14  4.86

Қарағанды облысында ер азамат 9 жасар баланы ұрлап, кейін қылқындырып өлтірген

Полиция бөлімшесіне Шахан ауылының тұрғыны хабарласып, 9 жасар ұлының жоғалып кеткендігін айтып арызданған. Шұғыл іздеу шаралары барысында тәртіп сақшылары баланың өлі денесін 55 жастағы жергілікті тұрғынның үйінен тапты деп жазады informburo.kz. Ал, үй иесі болса бұл кезде мас күйде болған.

"Қазір аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы "Кісі өлтіру" бойынша іс қозғалды. Қылмысты жасады деп күдіктелген ер азамат уақытша ұстау абақтысына жабылған. Тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Тергеу барысында анықталғандай, қылмыскер баланы қылқындырып өлтіріп, денесін балконға тығып қойған. Ол ұстау операциясы кезінде полицейлерге пышақ ала жүгіріп, айтарлықтай қарсылық көрсетіпті. Қазіргі таңда күдіктінің мұндай қадамға неліктен барғандығы анықталып жатыр. Тәртіп сақшылары болса тергеу аяқталғанға дейін қылмыстық істің мән-жайын айта алмайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары