$ 444.22  476.38  4.82

Владимир Путин дағдарыс кезінде ақшадан бұрын уақытты үнемдейтінін айтты

Журналистермен тікелей эфир арқылы сұхбаттасып жатқан РФ президенті Владимир Путин қазіргі дағдарыс кезінде ең алдымен нені үнемдеп жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысына сұрақ қойған журналистердің бірі Ресей халқының үнемшіл екенін айта келе президентте бұл қасиеттің бар-жоғын сұраған болатын.

«Ең алдымен уақытты үнемдеймін. Бұл біз үшін өте қымбат дүние», — деп қысқа қайырды Владимир Путин журналист сауалына берген жауабында.

Ал, Ресей экономикасы болса әлі де тығырықтан шығып кеткен жоқ, дей тұра тұрақтылық сақталып келеді дейді мемлекет басшысы. «Мен былтыр ЖІӨ-нің 3,7 пайызғ төмендегенін айтқан болатынмн. Биыл да төмедейді, бірақ, тек 0,3 пайызға. Ал, келер жылы бұл көрсеткіш 1,4 паызға өседідеп жоспарлануда», — деді В.Путин.

Айта кетейік, РФ президенті 2001 жылдан бері тікелей эфир арқылы журналистерге және қарапайым тұрғындарға сұхбат беріп келеді. Ең ұзақ тікелей эфир 2011 жылы орын алған болатын. Ол кезде Путин 4,5 сағат тікелей эфирде сұрақтарға жауап берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары