$ 494.87  520.65  4.91

Педофилдің ізіне түскен полицей 13-қабаттан секіріп кетті

Қылмыс 11 шілде күні жеке меншік үйлер орналасқан ауданда болған.

36 жастағы полиция қызметкері Бақытжан Бакиров педофилді ұстамақ болып 13 қабаттан секіріп кетті. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Алматы ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Бакиров өмірін қатерге тіге отырып қарақшылық шабуыл жасап, кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған 31 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыс 11 шілде күні жеке меншік үйлер орналасқан ауданда болған. Белгісіз адам үйлердің біріне кірген кезде онда төрт жасар бала мен 15 жастағы оның әпкесі болған. Полицияның мәліметінше, күдікті ол үйден 17 мың долларды қолды етіп, қыз баланы зорлаған.

Көп ұзамай полиция қаскөйдің қайда жасырынғанын анықтап, оны ұстау жоспарына кіріседі. Осылайша полиция майоры Бақытжан Бакиров сантехник ретінде пәтерге енеді. 

"Әріптесім Мейір Несіпбай екеуіміз пәтер иесін ертіп 13 қабатқа көтерілдік. Күдікті сол жерде пәтер жалдап тұрып жатқан. Пәтер иесі күдіктіні шақырып, құбырдан су ағып жатқанын айтып, оны жөндеуге келгенін айтты. Қаскөй дәлізге шыққанда мен оған тап бердім. Ол қаша жөнелді және ашық тұрған терезенің бірінен секірді. Ондай кезде ештеңе ойлай алмайсың, бастысы ұстау керек болды, сондықтан оның артынан мен де секірдім",- дейді Бакиров.

Осылайша екеуі де үйдің террасасының үстіне құлаған. 

"Екеуіміз құлаған кезде күдікті орнынан тұрып қашпақ болды. Алайда мен оны көмек келгенше орнынан тапжылтпай ұстап отырдым. Кейін барып аяғым сынғанын білдім", - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#полицей