$ 494.87  520.65  4.91

Бурабайдағы демалушылар карантин талаптарына әлі де құлақ асар емес

Теледидар арқылы күндіз-түні карантин талаптарын сақтау туралы айтылып жатыр. Вирустың қаупі жоғары екені де көрсетіліп келеді, кейбірі көріп те жүр.

Бурабай паркінде карантин талаптары сақталып жатқан жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Осыдан он шақты күн бұрын Бурабай мемлекеттік ұлттық паркінің баспасөз қызметі жағажайлар жабылды деп хабарлаған еді. Алайда бұл сөз әзірге іске аспай жатыр.

Дәл қазір біз Бурабай көлінің жағасында жұрт алаңсыз демалып жүр. Жауапты мамандар демалушыларға барып, бұл жерде суға түсуге рұқсат жоқ екенін айтып еді, құлақ асқан адам табылмады. Барлығының айтатын жауабы бір: «Карантин талаптарын сақтап жүрміз».

Қауіпті індет ауа арқылы жұғатынын ескерсек, мұндағы демалушылар еш сақтанбаған. Тіпті халық нөпіріне қарап арақашықтық туралы айтудың өзі қиын. Осыны ескерген жергілікті билік жағажайларға белгі қойып, шомылуға тыйым салған еді. Нәтиже жоқ. 8 адамға айыппұл салды, тағы да ескеріп жатқан жұрт жоқ. Мамандардың айтуынша, айыппұл салудың өзі қиын әрі ұзақ үрдіс. Сондықтың жауапсыздық әлі де жалғасып жатыр. 

"Қысқа және бәріне түсінікті жүйе болғанда, менің ойымша, республика деңгейінде қабылданса, осы жұмыс тезірек өтер еді деп ойлаймын", - Бурабай ауданы әкімінің аппарат басшысы Қасымхан Мәжіков

Аудан әкімдігі қолдан келетін мүмкіндікті пайдаландық, ендігі қадамды жауапты министрліктер жасау керек деген емеурін танытты. Әрине, қатал әрі еш қағазбастылықты талап етпейтін шектеу болса, мұндағы демалушылар аз болар ма еді. 

"Аудан тұрғындары мен қонақтарына айтарым, осы карантин уақытында жағажайларға бармауыңызды және санитарлық нормаларды сақтауыңызды шақырамын", - дейді Бурабай ауданы әкімінің аппарат басшысы Қасымхан Мәжіков.

Теледидар арқылы күндіз-түні карантин талаптарын сақтау туралы айтылып жатыр. Вирустың қаупі жоғары екені де көрсетіліп келеді, кейбірі көріп те жүр. Мәселен, дәл осы Бурабай ауданында осы уақытқа дейін 217 адам індеттің ілмегіне ілінген. 8 адам қайтыс болған. Осы сияқты ақпараттарды қаперге алып, жұрт демалысты азайтса, құба-құп әрине.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары