Instagram желісіндегі @astana_typical парақшасында Көбейтұз көлінен әкелінген тұз сатылатыны туралы хабарлама жарияланды. Екі сағаттың ішінде 730-ға жуық пікірге жазылған парақша әкімшісіне Azattyq Rýhy тілшісі хабарласып, мән-жайды сұрап көрді.
«Мен бұл жазба осынша танымалдыққа ие болады деп ойламадым. Сіз көрген фотоны басқа бір топтан алып, әзіл үшін өзімнің парақшамда жариялай салғанмын. Негізі, нұрсұлтандық емеспін, Петропавл қаласында тұрамын. Ол жәй ғана әзіл үшін жарияланған сурет», - деді аты-жөнін айтудан бас тартқан парақша әкімшісі.
Айта кететіні, аталған жазба оқырмандар тарапынан әлі де қызу талқыға ие болуда. Әңгіме барысында 81 мыңға жуық оқырманы бар парақша әкімшісінің жарнамалық жазбасын өшіретін ойы жоқ екенін байқадық. Бұған дейін Татьяна Шишкина есімді желі қолданушысы Көбейтұзға жасаған сапары барысында келушілердің көл түбіндегі тұзды шелектеп алып кетіп жатқанын жазған болатын.