$ 448.15  483.46  4.86

«Артық ештеңесі жоқ»: көпті шулатқан Көбейтұздың емдік қасиеті бар ма?

Оның айтуынша мұндай көлдер Аустралия мен Канадада да бар.

ҚР Экология министрлігі Экология, геология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов Көбейтұз көлінің емдік қасиетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірегей де көрікті көлдегі қазіргі ахуалға алаңдап отырмыз. Әлеуметтік желіде бұл көлге қатысты ақпаратқа толып кеткенін білесіздер. Бұл жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, бәрін өз көзімізбен көру үшін осында келдік. Көл 640 га аумақты алып жатыр. Тереңдігі бір жарым метр. Көп адам қызғылт түс тұздан немесе топырақтан шығып тұр деп, қате ойлайды. Белгілі бір микроағзалар көлді осындай түске бөлеп тұр», - дейді Зұлфұхар Жолдасов Ақмола облысына орналасқан Көбейтұз көліне баспасөз туры барысында.

Оның айтуынша мұндай көлдер Аустралия мен Канадада да бар.

«Біздің бірегей көліміз өзінің ерекше түсімен халықты ынтықтырып отыр. Әлеуметтік желіде демалыс күндері қаншама халықтың осында келетінін көрдіңіздер. Көлдің қандай да бір емдік қасиеті бар деп, халық бекер ойлайды. Шынтуайтында бұл көлдің ешқандай қасиеті жоқ. Бұл басқа көлдерде бар тұз. Артық ештеңесі жоқ. Соған қарамастан демалыс күндері осында келген халық тұз бен батпақты алып кетіп жатыр. Осы көлге келе жатып, тіпті адамдар көл тұзының келісін 5 мың теңгеге сатқысы келетіні туралы хабарлама тарағанын да көрдім. Әлбетте бұл шындыққа жанаспайды», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көл