Ресейлік ғалым-географ, ауа райы болжамын жүргізетін Александр Беляев 72 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы тележүргізуші Андрей Малахов Twitter желісінде хабарлады.
РИА Новостидің хабарлауына қарағанда, 2018 жылы Беляев өкпесінде қатерлі ісік барын айтқан. Тележүргізуші онкологиялық аурумен жеті жылға жуық уақыт бойы күресті. 2017 жылы екі рет ота жасатқан.
Александр Беляев 1949 жылы 5 қаңтарда Мәскеуде Брянск автозауыты басшыларының бірі Вадим Коростелевтің отбасында туған.
1972 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің география факультетін "Жер гидрологиясы" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1998 жылы 23 наурызда аяқ астынан НТВ арнасында ауа райы болжамының жүргізушісі болады. Беляевтің кандидатурасын НТВ арнасының сол кездегі бас директоры Олег Добродеев мақұлдаған.
Ешқашан педагог және ешқандай ғылыми дәрежесі болмағанына қарамастан, НТВ арнасының бас продюсері Леонид Парфенов кадрда "байсалды болғаны" үшін оған "Профессор" деген лақап ат берген.