21.07.2020, 07:08

«Болашақ» түлегі Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.

Үкімет қаулысымен Әсел Жанасова Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.  

Әсел Жанасова 1987 жылы Алматы қаласында туған. 2010 жылы Қазақстан президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша Кембридж университетін, 2014 жылы Кембридж университетінің магистратурасын, М. Ломоносов атындағы ММУ-ді "Executive Management" бағдарламасы бойынша бітірген.   

2010-2014 жылдар аралығында Лондон қаласындағы Eurasian Natural Resources Corporation PLC компаниясында ақпараттық технологиялар маманы, ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, ақпараттық технологиялар қауіпсіздігі департаментінің директоры болып еңбек етті.  

2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Ұлттық банкінің "Банктік сервис бюросы" РМК директорының кеңесшісі, Ұлттық банк цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.  

2016-2017 жылдары — "Зерде" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрайымы. 

2017-2018 жылдары —  "Астана" Халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды.