Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ПТР сынақтарын өткізуге республикалық бюджеттен тағы 42 миллиард теңге сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.
Цой тестілеудің қуаты 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мыңға дейін жететінін мәлімдеді. 1 қыркүйекке қарай денсаулық сақтау министрлігі мен ЖАО зертханаларын толық жарақтандыруды ескере отырып - тәулігіне 64 мыңға дейін.
"Сонымен қатар, ПТР-тестілеу бойынша қызметтерді төлеуге республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлу қажет. Зерттеулер жүргізуге тартылған ветеринариялық зертханалардың 67 маманына 170 миллион теңге төленеді", - деп толықтырды Цой.
Оның айтуынша, облыс әкімдеріне автокөлік бөлу және ауылдық аудандардан зерттеу үшін материалдарды жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу керек.