Украинаның Луцк қаласында автобусқа шабуыл жасап, жолаушыларды тұтқынға алған террорист елдің жоғары шенеуніктеріне, оның ішінде, президент Владимир Зеленскийге талабын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz, Baza Telegram-каналына сілтеме жасап.
Террорист өзінің манифесін барлық әлеуметтік желіде жариялаған. Ол өзін Максим Плохой деп атаған. Ер адам Украинаның жоғары лауазымды шенеуніктерінен, оның ішінде президент Зеленскийден "заңдағы террористтер" екенін видеода мойындап, оны Интернетте жариялауын талап етті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Максим Одессадан келген және психиатр есебінде тұр.
РИА Новости мәліметінше, Луцк қаласындағы оқиға орнына арнайы жасақ келген. Украин полициясы ер адамның кім екенін анықтады. Ол тәртіп сақшыларымен байланысқа шықпайтынын білдірген.
Айта кетейік, бұған дейін Луцкте қаруланған ер адам жиырма шақты жолаушы отырған автобусқа шабуыл жасап, адамдарды тұтқынға алғаны хабарланған болатын.