$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде 40-қа жуық жүкті әйел коронавирустан көз жұмған

Вице-министр нәрестелердің коронавирустан көз жұмуы туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін жеткізді. Алайда, елімізде коронавирустан көз жұмған жүкті әйелдердің тіркелгенін мәлімдеді.
Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz

Қазақстанда коронавирусы бар 40-қа жуық жүкті әйел қайтыс болды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Вице-министр нәрестелердің коронавирустан көз жұмуы туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін жеткізді. Алайда, елімізде коронавирустан көз жұмған жүкті әйелдердің тіркелгенін мәлімдеді ол. 

"Бізде жаңа туған нәрестелерде коронавирустың қайтыс болуы туралы мәліметтер жоқ. Коронавирус жұқтырған және пневмониядан қайтыс болған жүкті әйелдердің статистикасы бар. Жүкті әйелдердің арасында шамамен 40 адам қайтыс болды", - деді Ажар Ғиният.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары