$ 494.87  520.65  4.91

«Жаңа туған нәресте еденде жатыр»: жауаптылар перзентханада түсірілген суретке түсініктеме берді

Желі қолданушылары перзентханада коронавирусқа дейін де дәл осылай болғанын жарыса жазып жатыр.
Фото: instagram/eto_astana_detka
Фото: instagram/eto_astana_detka

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еденде жатқан нәрестенің суретіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қала тұрғыны eto_astana_detka паблигінде елордадағы перинаталдық орталықта орын жетіспейтініне шағымданды. Айтуынша, сіңлісі босанғаннан кейін сәбиімен бірге дәліздегі еденде жатуға мәжбүр болған.

Желі қолданушылары перзентханада коронавирусқа дейін де дәл осылай болғанын жарыса жазып жатыр.

Нұр-Сұлтанның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, сурет №1 көпбейінді қалалық аурухананың акушерлік бөлімінде түсірілген.

Басқарма ауруханада төсек-орын жеткілікті екенін хабарлады.

"Босанатын әйелдерге арналған орындар жеткілікті. Осы дерек бойынша басшының орынбасарына сөгіс жарияланды", - деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары