22.07.2020, 18:00

Адамдар коронавирусты көбіне қай жерде жұқтыратыны белгілі болды

Фото: azattyq-ruhy.kz
Жандарбек Бекшин бұл орындарды атады.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қала тұрғындарының көбіне қай жерде вирус жұқтыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус себептерін талдау кезінде жұқтырудың 56%-ы жұмыс орнында болғаны анықталды. 20%-ында, яғни 1948 жағдайда отбасы мүшелерінен жұққан. 13 жағдайда неден жұққаны белгісіз», - дейді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті науқастармен байланыста болған тұлғалардың денсаулығын жіті бақылап отыр.

«Жақын байланыста болған 48 мың адам, жұмыс бабымен бірге болған 22 мың адам бақылауда. 7 мың адамның денсаулығы үй карантинінде бақыланып отыр» деп атап өтті бас санитар дәрігер.