$ 494.87  520.65  4.91

«Тоқаев мектептерге «Экологиялық мәдениет» пәнін енгізуді ұсынды» - министр

Біз елдегі кез келген табиғи нысанның жанына инспектор қоя алмаймыз.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Бүгін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Көбейтұз көлінің жағдайына байланысты мемлекет басшысымен сөйлескенін жеткізді. Сондай-ақ елдегі демалыс орындарын сақтау, қорғау мақсатында Тоқаевтың айтқан ұсыныстарын көпшілікке хабарлады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Министр Мырзағалиевтың айтуынша, президент табиғатқа зиян тигізгендерге салынатын айыппұл мөлшерін ұлғайтуды тапсырған.

«Біз елдегі кез келген табиғи нысанның жанына инспектор қоя алмаймыз. Жалпы, халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту керек. Әрине, ол бір күндік жұмыс емес. Бірақ біздің министрлік мұндай түсіндірулерді қоғамда белсенді түрде насихаттайды. Бұқаралық ақпарат құралдарына осы іске қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтамыз. Болашақта да насихат жұмыстары жағынан сіздердің бізді қолдайтындарыңызға сенеміз. Бұл жұмыстарға жергілікті әкімдіктер де белсене қатысады деген ойдамыз.

Тағы оқи отырыңыз: «Азаматтардың жаппай мәдениетсіздігі тоқтамай тұр» - Тоқаев

Бұл үшін бүкіл қоғамның бірлескен күш-жігері қажет. Жоғарыда айтқанымдай, бәрі бала кезден бойға сіңірілуі керек. Сол себепті де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерге экологиялық мәдениет пәнін енгізуді ұсынды», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін министрліктің Көбейтұз көлін қорғау бойынша алғашқы шараларды қабылдағаны жөнінде ақпарат жариялағанбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары