$ 494.87  520.65  4.91

ҚР Үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібермек

Үкімет қаулысында көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірнеше тапсырма берілген.

Қазақстан Үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы ҚР Үкіметінің 20 шілдедегі қаулысы «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі порталында жарияланған.

Гуманитарлық көмек ретінде Ауғанстан еліне: көрпе қаптар, қыстық шатырлар, төсек, матрастар, жастық тыстары, жастық, көрпеше, күртеше, шалбар мен бас киімдер жіберіледі. Ал Өзбекстанға көмек ретінде азық-түлік өнімдерін: жоғары сортты ұн, қарақұмық жармасы, өсімдік майы мен сүт өнімдері жіберіледі.

«Тізбе бойынша Ауғанстан Ислам Республикасына, Өзбекстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтар броньнан шығарылсын», - делінген Үкімет қаулысында.

Үкімет қаулысында көршілес елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірнеше тапсырма берілген.

«ҚР Сыртқы істер министрлігі ресми ізгілік көмекті алушыларды айқындасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ізгілік жүкті Ауғанстан Ислам Республикасы мен Өзбекстан Республикасындағы межелі пункттерге дейін тасымалдау мен жеткізуді қамтамасыз етсін.

ҚР Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын», - делінген құжатта.

Ауғанстан Ислам Республикасына ресми ізгілік көмек көрсетуге арналған материалдық құндылықтардың тізбесі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары