$ 494.87  520.65  4.91

Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршігенін түсіндірді (ВИДЕО)

Ол вирустың таралуы жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да қауіпті болуы мүмкін деп болжады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың неліктен күрт өршіп кеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Ол вирустың таралуы жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да қауіпті болуы мүмкін деп болжады. Індеттің таралуын бәсеңдету үшін тұрғындардың әлеуметтік арақашықтықты ұстануы маңызды.

Сондай-ақ Алексей Цой вирустың өршу себебі туралы сұраққа жауап берді. Айтуынша, бұған ең алдымен тұрғындардың карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін босаңсып кеткені себеп болды.

Маска тағу режимін сақтамастан қоғамдық орындарда жайбарақат жүргендердің қатары артқан, дейді сала басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары