$ 443.85  474.3  4.8

Головкин мен Альварес үшінші рет жұдырықтасуға келісті

Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған.
Фото: ашық дерек көзі
Фото: ашық дерек көзі

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен  IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, екі жақ бірнеше ай бұрын келісімге отырған. Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы жекпе-жектен «Канело» - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты.

Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары