$ 444.22  476.38  4.82

Демалушылар енді Алакөл көліне бара алмайды

Көл қашанға дейін жабық болатыны белгісіз.

Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл көлі демалушылар үшін жабық, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы бүгін Үржар ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында жазылғаны белгілі болды.

"2020 жылғы 23 шілдеден бастап Үржар ауданындағы Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағында демалу және тұру үшін келетіндерді қабылдау тоқтатылсын. 2020 жылғы 23 шілдеге дейін келген демалушылар жолдама мерзімі біткенше демалыс базаларында қалуға болады", - делінген хабарламада.

Үржар ауданының әкіміне, аудандық полиция бөліміне 23 шілдеден бастап демалыс аумағына кіретін жолды жабу және Алакөл көліне апаратын жолға мобильді бекет қою, күн сайын қоғамдық тәртіпті патрульдеу жүктелді.

Көл қашанға дейін жабық болатыны белгісіз. Құжатта шектеу шараларының мерзімі мен режимі аудан аумағындағы коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты болатыны хабарланған.

Сонымен қатар, Қапшағай курорты карантин режимі аяқталғанға дейін жабылады. Одан бөлек, 22 шілдеде Көлсай көлдері карантин режимі аяқталғанға дейін жабылатыны хабарланған. Одан бөлек, карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парктерге, танымал туристік нысандарға (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) кіруге тыйым салынған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алакөл