Әлеуметтік желілерде қолданушылар саунада дастархан басында отырған адам түсірілген видеоның скриншотын таратып жатыр, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Ақ Жайық" газетіне сілтеме жасап.
Кадрдағы ер адам Атырау әкімі Қайрат Оразбаевқа ұқсайды.
"Суретте Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевқа ұқсайтын адам отыр, ол карантин кезінде саунада демалып отыр. Скрин ашық дереккөзден алынған видеодан", - делінген сурет сипаттамасында.
Атырау әкімінің баспасөз қызметіндегілер суретке қатысты пікір білдірді.
"Иә, әлеуметтік желілерден бұл суретті көрдік. Пандемия кезінде қала әкімі Қайрат Оразбаев карантин талаптарын бұзбады, саунаға бармады", - деп мәлімдеді әкімнің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Басылым дереккөзі әлдекімдер қала әкімін әлеуметтік желіге Оразбаевтың Атырау әкімі қызметіне келмей тұрып түскен суретін қасақана жариялау арқылы жаманатты қылуды ойлағанын хабарлаған.