$ 449.58  486.94  4.86

Биыл Құрбан айт намазы оқыла ма? - Бас мүфти жауабы

Наурызбай қажы қайда отырып қол жайғанына қарамастан,  Алла Тағала адамның риясыз көңілмен жасаған кез келген құлшылығы мен дұғасын қабыл етеді деп еске салды.
Фото: ult.kz
Фото: ult.kz

Биыл 31 шілде – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

«Алдымызда күллі мұсылман баласы асыға күткен ұлық мейрам -  Құрбан айт келе жатыр. Алла қаласа, биылғы Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің шешімімен, 31 шілде мен 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда, еліміздегі карантин 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болуына байланысты, 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды», - деді Бас мүфти.

Наурызбай қажы қайда отырып қол жайғанына қарамастан,  Алла Тағала адамның риясыз көңілмен жасаған кез келген құлшылығы мен дұғасын қабыл етеді деп еске салды. Сондықтан биылғы Айт намазының мешітте жамағатпен оқылмайтынын сабыр танытуға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары