$ 494.87  520.65  4.91

Өлі құстар табылған Алакөл суының талдау нәтижелері шықты (ВИДЕО)

Аралды қарау кезінде мамандар қызыл үйректің тоғыз өлігін тапты.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

«Қазгидромет» РМК  Алакөлдегі жабайы құстардың өлуіне байланысты су сынамаларын алып, химиялық талдау қорытындысын жариялады,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары Алакөл мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлерімен бірге құстар өлгеннен кейін Алакөл көлінің кіші Аралтөбе аралына саяхат жасады.

Аралды тексеру барысында мамандар 9 үйректің өлігін тапты. Сарапшылар Үлкен, орташа және кіші Аралтөбе аралын тексерді. Құстардың жаппай қырылуы тіркелген жоқ.

Инспекторлар құстардың өлу себептерін анықтау үшін тиісті мемлекеттік органдарға хабарлаған", - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

«Қазгидромет» сайтындағы жарияланған мәліметке сүйенсек, «Бұған дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Алакөл көлінде жабайы құстардың өлгені туралы анықталған фактіге байланысты, 2020 жылдың 20 шілдесінде «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының мамандарымен Алакөл көлінің су сынамалары алынып, 41 ингредиент бойынша химиялық талдау жүргізген.

Балық шаруашылығынан басқа, су пайдаланудың барлық санаттары үшін қолданылатын су объектілеріндегі Су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес, келесідей заттар: магний, хлоридтер, минералдану бойынша асып кету тіркелді.

Ресми дереккөзі бойынша, магний концентрациясы – 316 мг/дм3, хлоридтер – 748 мг/дм3, минералдану – 4946 мг/дм3. Хлоридтер мен минералданудың нақты концентрациясы фондық кластан аспайды, ал магний фондық кластан асқан.

Тағы оқи отырыңыз: «Мұны бұлай қалдыруға болмайды»: Алакөл аумағында құстар өліп жатыр (ВИДЕО)

Алакөл көлі бойынша су температурасы 27-28,6 ºC деңгейінде болды, сутегі көрсеткіші 8,29-8,97, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 7,55-7,67 мг/дм3, түсі 9-17 градус, иісі – 0 балл.

2020 жылдың 26 шілдесінде 5 тәулік бойы орындалатын «оттегіні биохимиялық тұтыну 5» талдау нәтижелері ұсынылатын болады.

Естеріңізде болса, бұдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Алакөл аймағында құстарлың өліп жатқандығы туралы видео тарағана болатын. Оған қоса, табиғи демалыс орны карантин мерзімі біткенше жабылды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары