$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда Каспий итбалықтарын қорғауға байланысты шешім қабылданды

Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген.
фото: m.azh.kz
фото: m.azh.kz

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде каспий итбалығын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізу мәселесі қарастырылады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарт порталы, комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің facebook парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, итбалықтарды қорғауға ықпал ету үшін және болашақта ерекше қорғалатын табиғи аумақ құруға маңызды бастамалардың бірі болмақ.

"2020 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде видеоконференциялық байланыс арқылы «Гидробиология және экология институты» мен «Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты» ЖШС өкілдерінің қатысуымен балық шаруашылығы мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық зоологиялық комиссияның отырысы өтті.

Комиссия отырысында каспий итбалығын (Pusa Caspica) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізу ұсынысы қолдау тапты", - деп жазды ол.

Қазіргі уақытта каспий итбалығы басқа каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында балаларды итбалықтар тістеп тастағаны жөнінде ақпарат жариялағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары