$ 444.22  476.38  4.82

Педофилдердің суретін интернеттен көруге болады

Ол картаны әрбір ата-ана көруі керек.

Қазақстандық құқық қорғаушылардың есебі бойынша, былтыр 1 жарым мыңға жуық педофил және қыз зорлаған 2800 қылмыскер тіркелген, деп хабарлады «Хабар 24».

Бүгінгі таңда 1600-ге жуық адам жасөспірімдерге зорлық көрсеткені үшін түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. 
Педофилдер туралы толыққанды ақпаратты infopublic.pravstat.kz сайтынан көруге болады. Бұл сайтқа балаларды зорлағандықтан сотталған әрбір қылмыскердің аты-жөні туралы мәлімет алуға және олардың суретін көруге болады. 

Порталды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті бірнеше жыл бұрын іске қосқан. Ол жерде қылмыскердің қылмысты қай уақытта және қашан жасағаны жөнінде ақпарат қолжетімді. Ол картаны әрбір ата-ана көруі керек. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары