$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус пандемиясы тағы 2 жылға жалғасуы мүмкін - профессор

Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты.
Фото: m24.ru
Фото: m24.ru

Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысқан конференцияда Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу пандемия тағы 2 жылға жалғасатынын болжады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оңтүстік Кореяда Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынды. Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты.

Жиын барысында Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін жұмыс жасап жатқанын мәлімдеді. Ол коронавирус пандемиясы тағы 2 жылға жалғасады деп болжап отыр.

Себебі адамдар Covid-19 вирусын алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтынын айтады. Ғалымның сөзінше, "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирус болмайды.

"Өткенде адамдар не істеді? Олар джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырды. SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды. Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды. Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды.

Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы "Пандора жәшігін" ашты. Сол себепті аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет. Ол адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз", - деді Ким Ву Джу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары