$ 448.15  483.46  4.86

«Тезірек ұмытқымыз келеді»: Сәтбаевта зорлық көрген 5 жастағы қыздың ата-анасы үндеу жасады

Біздің басымызға түскен қайғы басқа келеңсіз оқиғалардың себебі болуын қаламаймыз. Мұның бәрі біздің отбасы үшін ауыр соққы әрі сол қайғылы күнді ойымызға сала береді.
Фото: ом-родословия.рф
Фото: ом-родословия.рф

23 шілде күні Сәтпаев қаласында жоғалып кетіп, кейіннен басқа біреудің пәтерінен табылған 5 жастағы Айсезім есімді бүлдіршіннің ата-анасы үндеу жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айсезімнің ата-анасының үндеуі etozhez Instagram парақшасында жарияланды.

"Бірінші кезекте біз – Сүлеймен отбасы, атап айтқанда ата-анасы Өтеубай-Манара өз атымыздан қаланың жұртшылығы мен еріктілерге қызымызды іздестіруге атсалысып, үлес қосқандары үшін алғыс білдіреміз! Айсезімнің табылуына сіздердің септіктеріңіз тиді.

Айсезімге және оның отбасына білдіріп жатқан жылы лебіздеріңіз бен қолдауларыңызға рақмет айтамыз. Қазіргі күні қызымыздың жағдайы мамандар тарапынан жақсы деп бағалануда. Бізбен психологтар мен арнайы дәрігерлер күнделікті байланыста отыр. Сондай-ақ біз ҚР бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен @aruzhan_sain де тығыз байланыстамыз. Ол өз тарапынан қажетті мамандар мен реабилитациялық емханаларды табуға, сондай-ақ адвокат пен құқықтық қорғауды ұйымдастыруға көмегін тигізіп жатыр.

Тағы оқи отырыңыз:

«Періштедей қыздан шал артық болды ма?»: Сәтпаев тұрғындары жантүршігерлік оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ерекше алғысымызды «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-іне білдіреміз. Компания басшылығы Айсезімді реабилитациядан өткізуге жұмсалатын шығындардың бәрін өтеуге шешім қабылдады. Сондықтан қаржылай көмекке мұқтаждығымыз жоқ.

Бізге жеткен ақпарат бойынша @gulyana.mamachica Айсезімнің реабилитациясына қаржы жинауды ұйымдастырып жатыр екен. Гульяна бізбен хабарласқан жоқ, қаржылай қор ұйымдастыруға біз келісім берген емеспіз. Әрине Гульяна адал ниетпен бізге көмектескісі келгенін жақсы түсінеміз. Бірақ қайталап өтейік: біздің отбасының қаржылай көмекке мұқтаждығы жоқ, барлық психологиялық және қаржылай шығынды «Қазақмыс» өтеуге уәде берді", - деді олар.

Тағы бір айтарымыз: қызымыздың суретін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратуды, оқиғаға қатысты түрлі пікірлер мен жалған ақпараттарды таратуды доғаруларыңызды сұраймыз. Біз болған оқиғаны тезірек ұмытқымыз келеді. Үлкен өтініш: қаржылай қор ұйымдастыруды, түрлі жиын өткізуді тоқтатыңыздаршы! Біздің басымызға түскен қайғы басқа келеңсіз оқиғалардың себебі болуын қаламаймыз. Мұның бәрі біздің отбасы үшін ауыр соққы әрі сол қайғылы күнді ойымызға сала береді.
Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз. Барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз." - делінген үндеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары