$ 494.87  520.65  4.91

Тұлғаларды тануға арналған байқау

Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Тарихтан тағылым», «Тарих.Тағдыр.Тұлға» атты интеллектуалдық сайыстары өз мәресіне жетті.
фото: kazgazeta.kz
фото: kazgazeta.kz

Дана Абай «Он тоғызыншы сөзінде»: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөзін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады», - деп жазған. Ұлы ғұлама Әл-Фараби де интеллект туралы ой-пікірлерін өз заманында айтып кеткен. Екі тұлғаның еңбектеріне көз жүгірткенде ұқсас дүниелердің көп екендігін байқауға болады. 

Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Тарихтан тағылым», «Тарих.Тағдыр.Тұлға» атты интеллектуалдық сайыстары өз мәресіне жетті.  Бұл байқаулар Шығыс ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына және хакім Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылды. Қазіргі оқшаулану жағдайын ескере отырып, WhatsApp желісі өткен байқауға аймақтың 29 жасқа дейінгі жастары қатысты. 

Байқаудың талабы бойынша қатысушыларға қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының және Отырарда дүниеге келіп, аты әлемге мәшһүр болған ғұлама ғалым Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылды. Байқауға қатысып білімін сынаған, ұлы тұлғалар туралы ізденген жеңімпаз жастарға арнайы алғыс хаттар  мен сыйлықтар жолданды.
Ұлтымыздың ұлы тұлғаларын насихаттауға арналған мұндай шаралар алдағы уақытта жалғаса береді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары