$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола тұрғындары «асыл тұқымды» итті жеу үшін ұрлағандарын айтты

Ақмола облысының полицейлері Тибеттік мастиф деп аталатын ит тұқымын ұрлаған күдіктілерді ұстады. Олар ұсталған сәтте хайуанды сойып жегелі жатқан көрінеді. Бұл туралы "Новости-Казахстан" ақпараттық агенттігі мәлімдеді.

"Аршалы ауданындағы Аршалы ауылында тұратын 43 жастағы әйелдің үйінің ауласынан екі азамат Тибеттік мастиф тұқымды итті ұрлап кеткен. Күдіктілердің бірі 20-да, екіншісі 24 жаста. Олар бағасы қымбат итті сату үшін емес, сойып жеу үшін ұрлағандарын айтқан" дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Тәртіп сақшылары «асыл тұқымды» итті иесіне қайтарып берді. Олар келтірілген шығын көлемін 50 мың теңгеге бағалап отыр. Ал, күшіктің нарықтағы құны 200-250 мың теңгеге дейін барады.

Қазіргі таңда ұсталған күдіктілердің үстінен қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынған. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары