$ 441.66  475.14  4.86

Швециялық бойжеткен қыпша белді болу үшін 6 қабырғасын алдыртып тастаған

Швеция тұрғыны белінің өлшемін 40 сантиметр ету үшін арнайы ота жасатып, 6 бірдей қабырғасын алдыртып тастады. Операция құны 120 мың долларды құраған деп жазады Cosmopolitan UK.

Пикси Фокстың айтуынша, ол ауруханадан шыққалы бері беліне қысып тұратын корсет киіп жүруге мәжбүр. Оны тек шомылар кезде немесе спортзалға барғанда ғана шешіп тастаймын дейді.

Фокс мұнымен қоймай төсін үлкейтіп, ұзын кірпік жалғатқан, ерніне ботекс салып, қабағын тілген. «Іс мұнымен біткен жоқ, мен қазір өте сирек кездесетін тағы бір ота жасатқалы жатырмын», — дейді Фокс өзінің Инстаграм-парақшасында.

Ерекше дене бітіміне қол жеткізу үшін Пикси Фокс 2015 жылдың қараша айынан бері арнайы диетаға отырған. Ол сондай-ақ, күніне 2-5 сағат шамасында спортзалда жаттығу жасайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары