$ 498.34  519.72  4.85

Коронавируспен күреске тағы да қомақты қаржы бөлінеді

Соның негізінде коронавирустың жеңіл түрімен ауырған бір пациентті емдеу көлемі 292,6 мың теңге, орташа деңгейімен ауырғандар үшін  - 446,1 мың теңге, ауыр түрімен ауырғандар үшін - 1,5 миллион теңге төленеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов коронавирус инфекциясын жұқтырған бір адамның еміне қанша қаржы керектігін айтты. Бұл туралы ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "МӘМС жүйесінің коронавирус инфекциясымен күресудегі үлесі" тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде  мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

"Коронавирустық инфекцияны диагностикалаумен, емдеумен және оның асқынуымен байланысты барлық шығындарды медициналық ұйымдарға өтеу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып тарифтер әзірледі. Соның негізінде коронавирустың жеңіл түрімен ауырған бір пациентті емдеу көлемі 292,6 мың теңге, орташа деңгейімен ауырғандар үшін  - 446,1 мың теңге, ауыр түрімен ауырғандар үшін - 1,5 миллион теңге төленеді. Ал аса ауыр дәрежедегі науқасты (бір ғана пациент) емдеу көлемі 1,7 миллион теңгені құрайды", - деді Төкежанов.

Оның айтуынша, шұғыл көмек көрсету тарифінің құрылымында жеке қорғаныс құралдарына кететін шығын көлемі орта есеппен 40 пайызға өскен. 

"Қордың қосымша жоспарланған қаржыландыру көлемінен мобильді бригадалардың жұмысына шамамен 7,7 млрд теңге бағытталады. Қазірдің өзінде емханалар мен отбасылық амбулаториялар жанынан үш мыңнан астам осындай бригада құрылды", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары