Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары коронавирустың өлім қаупін 12 есеге арттыратын ауруды атады деп хабарлайды kaz.nur.kz Lenta.ru-ге сілтеме жасап.
Кең ауқымды зерттеуге сәйкес, қант диабетімен ауыратын COVID-19 жұқтырушыларының ауруханаға жату мұқтаждығы алты есеге, ал қайтыс болу қаупі 12 есеге көбейген.
Сондай-ақ, бұл ауру коронавирус инфекциясының неғұрлым ауыр өтуіне ықпалдасады.
Қант диабеті - бұл коронавирустың жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі екінші ауыр асқынуы. Калифорния университетінің медицина профессоры Пракаш Дидваня қант диабетінің ең ауыр асқынуларының бірі ағзаның иммундық қорғанысының төмендеуі екенін еске салды.
Сонымен қатар, ауру инсультқа, миокард инфарктына, аяқтың иннервациясының бұзылуына, бүйрек қызметі мен көру қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ғалымдар қант диабетімен ауыратындарға физикалық белсенділікті жоғарылатуды, толыққанды ұйықтап, аутотренингпен айналысып, тыныс алуды қадағалауды ұсынды.
Олардың айтуынша, қант диабетімен ауыратын адамдар үшін басқа азаматтармен сөйлескен кезде барлық сақтық шараларын ұстану өте маңызды.
Бұған дейін Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің ғалымдары семіздік, қант диабеті, ауыр демікпе және тыныс алудың басқа аурулары, сонымен қатар созылмалы жүрек, бауыр, неврологиялық және аутоиммундық ауруларды коронавирустың қауіпті факторлары деп санаған. 26 шілдедегі жағдай бойынша, әлемде коронавирусты 16,1 миллионнан астам адам жұқтырған, олардың ішінде 645 мыңнан астам адам қайтыс болды, тағы 9,2 миллион адам сауығып кетті.
Вирус жұқтырғандардың көпшілігі Америка Құрама Штаттарында, Бразилияда, Үндістанда, Ресейде және Оңтүстік Африкада тіркелген.