Жаңалықтар 27.07.2020 сағат 16:20

Кондиционер пневмония тудыруы мүмкін бе? - маман жауабы

Кондиционер үнемі жедел өткір вирустық респираторлы ауруға шалдыққан, суық тиген адамның жағдайын одан әрі асқындыруы мүмкін факторға жатады.
Кондиционер пневмония тудыруы мүмкін бе? - маман жауабы
Фото: syrboyi.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы Фтизиопульмонология орталығының жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі, фтизиохирург, пульмонолог Абзал Малбасқанов коронавирусқа қатысты онлайн сұхбат өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Маман халық арасында таралған өтірік-шыны аралас гипотезаларға да түсінік берді.

«Кондиционер үнемі жедел өткір вирустық респираторлы ауруға шалдыққан, суық тиген адамның жағдайын одан әрі асқындыруы мүмкін факторға жатады. Көшеде, офисте, көлікте 35-40 градус ыстық болған жағдайда, адамдар салқындау үшін кондиционер орнатады. Ыстықтап келіп, салқын ғимаратта салқындаған адам қайтадан ыстыққа шыққанда, адам ағзасында температура ауытқиды. Бұл иммунитеттің әлсіреуіне әкелуі мүмкін», - деді А.Малбасқанов.

Оның айтуынша, адам түрлі инфекцияны жұқтырмау үшін кондиционер фильтрін уақытында ауыстырып тұруы тиіс. Бөлме табиғи жолмен желдетіліп тұрса – ең абзалы болмақ.

«Кондиционер қосқанда біз есіке терезені жауып жүреміз. Аппарат бір бөлмедегі ауаны ғана алмастырады. Сондықтан, кондиционері бар бөлмеде де вирус жұқтыру ықтималдығы жоғары. Әсіресе фильтрі ауыспаған жағдайда. Себебі, ескі фильтр клебсиелла, легионелла бактерияларын таратуы мүмкін. Олар лас жерде өсетін микроорганизмдер. Бұл бактериялар да пневмонияға әкеледі», - деді ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар