$ 498.34  519.72  4.85

Ресейліктердің жартысынан астамы КСРО-ның қайта құрылғанын қалайды

Ресей халқының жартысынан астамы (58%) Кеңес одағының қайта құрылуын қалайды. Бұл туралы «Левада-центр» жүргізген сауалнаманың нәтижесінде белгілі болып отыр.

Ал, сауалнамаға қатысқандардың 31 пайызы "Қызыл империяның" қайта жандануына үзілді-кесілді қарсы. Сондай-ақ, сұрақ-жауапқа қатысқандардың 44 пайызы бұрынғы жүйені енді қайта қалпына мүмкін еместігін мәлімдепті. Тұрғындардың 56 пайызы КСРО-ның құлағанына өкінетінін білдірсе, 28 пайызы керісінше, қуанышты екенін айтқан. Айта кетейік, социалистік жүйені аңсайтын орыстар қатары 2009 жылдан бері көбейіп келеді. 

Респонденттердің 51 пайызы Кеңес үкіметін құлатпауға болатын еді деген пікірді ұстанса, үштен бір бөлігі бұл процесті тоқтату мүмкін еместігін айтыпты.

«Левада-центр» жүргізген сауалнамаға Ресейдің 48 аймағынан 1600 адам қатысқан. Орталық сарапшыларының айтуынша, жоғарыда аталған көрсеткіштер 3,4 пайызға ауытқуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары