28.07.2020, 17:40

Түркияға әуе рейстері 10 тамыздан бастап қатынауы мүмкін

Фото: pixabay.com
Бұған дейін Грузия және Таиландқа рейстер тамызда ашылуы мүмкін екені хабарланды.

МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Қазақстаннан Түркияға әуе рейстерін 10 тамыздан бастап ашу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бәрі елдегі және серіктес-елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бірақ Түркияға рейстерді 10 тамыздан бастап ашу мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Рыспеков ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұған дейін Грузия және Таиландқа рейстер тамызда ашылуы мүмкін екені хабарланды.