$ 443.85  474.3  4.8

«Шындықтың беті ашылды»: Елена Малышева Қазақстан дәрігерлеріне қатысты пікір білдірді

«Қазақстан, сіздердің дәрігерлеріңізге браво, браво!» - дейді Ресейдің танымал тележүргізушісі, медицина ғылымдарының докторы.

Ресейдің танымал тележүргізушісі, медицина ғылымдарының докторы Елена Малышева коронавируспен күресіп жатқан қазақстандық дәрігерлерді қолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Доктор ATAMEKEN BUSINESS телеарнасына сұхбат берген. Сол эксклюзивті сұхбатында ол қазақстандық дәрігерлердің жұмысына таңғалғанын жасырмай айтты.

«Мен шын жүректен айтып тұрмын: менің Қазақстаннан оралған мәскеулік дәрігерлер тобындағы достарымның бәрі қазақстандық дәрігерлерге таңғалғанын жасырмады. Олар – батырлар, өз ісіне берілген, нағыз батылдар. Қазақстан, сіздердің дәрігерлеріңізге браво, браво!

Олар денсаулық сақтаудың ескі жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бәлкім, мен дұрыс білмейтін шығармын. Бәріміз медицинасы ескі, жөндеу жұмысы жүрмеген ғимаратта орналасқан посткеңес елденбіз.

Шындықтың беті ашылды. Енді бәрін медицинаның дамуы үшін істеу керек. Біз Қазақстанға жылы көзқараспен, ал дәрігерлерге құрметпен қараймыз», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары