Шымкент қаласы әкімінің бір емес, екі орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Skifnews.kz, аймақ әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
"Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", - делінген ресми хабарламада.
Бірақ әкімдіктің бұл хабарламасының арасында әкім орынбасарларының неліктен қызметтен босатылғаны жайлы ақпарат жоқ.
"Бүгіннен бастап мемлекеттік қызметтен кетуге шешім қабылдадым. Мемлекеттік қызметте үзіліссіз 26 жыл Оңтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында қызмет атқардым. Мемлекеттік қызметтің мектебінен өтіп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай еңбек еттім. Осы жолда маған тәрбие берген ұстаздарыма, бірге қызметтес болған әріптестеріме, әр бастамаларыма қолдау көрсеткен маслихат депутаттарына алғысымды білдіремін. Аман болайық, барлығымыз бірге болайық", - деп қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр Instagram парақшасына жазды.