ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты «Қазгидромет» РМК Қарағанды облысының Жәйрем кентінің тұрғындары түсірген видеоға қатысты пікір білдіріп, бұл табиғаттың тосын құбылысы – орам бұлттар (volutus) екенін хабарлайды.
«Орам бұлттар – өз осінің айналасында айналғандай көрінетін түтік тәрізді ұзын, әдетте жерге қатты жақын орналасқан көлденең бұлт массасы. Орам бұлттар басқа бұлттарға қосылмаған солитон және жер атмосферасындағы толқындардың бұзылуынан пайда болады. Бұл негізінен қабатты кумулонимбус және сирек жағдайларда жоғары кумулбус бұлттарына тән. Мұндай бұлттар суық фронттардан салқын ауаның шығуы нәтижесінде пайда болады. Өте сирек кездесетін, бірақ ерекше бұлт», - делінген министрлік хабарламасында.
Мамандардың айтуынша, соңғы күндері Қарағанды облысындағы ауа райына оңтүстік циклон әсер еткен. Соның ықпалымен күн күркіреп, жаңбыр жауған. Циклон орам бұлттардың пайда болуына да себеп болған.
Дереккөз: azattyq-ruhy.kz