$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы отставкаға кетті

Басқарма басшысының жұмыстан кеткені туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ отставкаға кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Басқарма басшысының жұмыстан кеткені туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Бауыржан Ысқақ өз еркімен отставкаға кеткені туралы белгілі болды.

"Жұмыстан шығарудың басқа себептері жоқ. Ысқақтың орнын кім алатыны да белгісіз. Ол өз еркімен отставкаға кетті", - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Еске салайық, 10 шілдеде Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды. Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің орынбасары Серікжан Бескемпіров пневмониядан қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары