Әлеуметтік желіде Шымкентте түсірілген видео тарап кетті. Кадрда ер адам мысықтың денесін ұстап бара жатыр. Оны кіналап, мысықты өлтіргенін айтып айқайлаған әйелдің даусы естіледі. Полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Видеода ер адам мысықты құйрығынан ұстап бара жатыр. Ал оның мысықты өлтіргеніне куәгер болған әйел ер адамнан маскасын шешуді талап етеді.
"Ол далаға қарумен шығып, мысықтарды өлтіре бастады. Олар өмір сүрмеуі керек дейді. Арыз жазылды, бірақ нәтиже бола ма, жоқ па белгісіз", - деп жазылған видеода.
Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігіне сәйкес ("жануарларға қатыгездік жасау"), сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Күдікті Абай ауданының полиция басқармасына жеткізілді.
Бұл бап бойынша 120 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл (333 360 теңнге) немесе қоғамдық жұмыстар, 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.