$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирустан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары» - Тоқаев

Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті.
фото: coronavirus2020.kz
фото: coronavirus2020.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сақтық шараларын әлі де күшейту керек деп отыр. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Президенттің сөзінше, күні кеше көз жұмған Жақсылық Үшкемпіровтың өлімі жайлы хабар жанына батқан. 

"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр.

Даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары.

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - деп жазды президент Twitter парақшасында

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары