$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО-да жоғалып кеткен 7 жасар қыз бен туыс апасының өлі денесі табылды

Бүгін ОҚО Түлкібас ауданында 7 жасар қыз бен оның 56 жастағы туыс апасын іздеу жұмыстары аяқталды деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз қызметі. Өкінішке қарай, олардың екеуі де қайтыс болған.

Іңкәрбек Инабат Нұрқанатқызы мен оның туыс апасы Баймұратова Әшіркүл 17 сәуір күні кешке тұман мен жаңбырға қарамастан Дәубаба тауына серуендеуге шығып кеткен және қайта оралмаған. Сол уақыттан бері туыс екі азаматты іздестіру жұмыстары бүгінге дейін жалғасып, оған 520 адам қатысты. Құтқарушылар мен полицейлерден бөлек іздеу жұмыстарына ерікті азаматтар да атсалысқан. Осы жұмыстардың барысында Инабат пен оның апасының мәйіті Қарақуыс шатқалындағы адам жүруге ыңғайсыз қуыстан табылды.

Қазіргі таңда оқиға орнында аудандық ішкі істер басқармасының мамандары жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Сараптманың нәтижесінде туыс екі ааматтың неден қайтыс болғаны анықталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары